Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Алматыда бұған дейін латын әріпіне өткен түркі тілдес елдердің тәжірибесі талқыға түсті

AstanaTV
03.11.2017ж. 20:00
2540
Алматыда бұған дейін латын әріпіне өткен түркі тілдес елдердің тәжірибесі талқыға түсті

Алматыда бұған дейін латын әріпіне көшкен түркі тілдес елдердің тәжірибесі талқыға түсті. Мұндағы мақсат - соңғы үлгідегі латын әліпбиінің мүмкіндіктеріне тоқталу. Дөңгелек үстел басына этномәдени бірлестік басшыларымен қатар, тіл мамандары, қоғамдық ұйым мүшелері шақырылған. Олар, апострофқа негізделген әліпбиді қалай қабылдау қажеттігіне, ел арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу жайына тоқталды.

Шараны «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалы ұйымдастырып отыр. Филиал төрағасының бірінші орынбасары Меруерт Мұқанованың айтуынша, этномәдени бірлестік басшыларының ойы еліміздегі тарихи қадамның қағидасын дұрыс қалыптастыруға үлес қосады.