$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Президент мемлекеттік бағдарламаларды бақылайтын орталық құруды тапсырды

AstanaTV
27.02.2019ж. 20:00
2301
Президент мемлекеттік бағдарламаларды бақылайтын орталық құруды тапсырды

«Нұр Отан» партиясы мен Президент әкімшілігі бірлесіп, тиімділікті бағалау және мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың жүзеге асырылуын бақылайтын орталық құруы керек. Съезде Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсырма берді. Әр тоқсан сайын бағдарламаға жауаптылар партия алаңында президентке есеп беретін болады. «Ал, партия халықтың мәселелерін бақылауда ұстауы тиіс. Қоғамдағы өткір проблемаларға шұғыл әрекет етіп, халықпен кері байланысты нығайтуы қажет». Осылай деген президент «партияның қоғамдық қабылдаулары «қазір және осы жерде» принципімен жұмыс істейтін бірыңғай орталыққа айналуы тиіс» деді. Бұл ретте қағазбастылыққа ұрынбауды ескертті.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Образ партии в глазах простых казахстанцев формируется ежедневной работой на местах. Первичные партийные организации должны стать ключевым звеном в решении локальных и региональных задач. Мы должны вести честный и открытый диалог с народом и делать все возможное для улучшения его благосостояния и качества жизни. Решение столь масштабных задач требует от партии предельной концентрации и ответственного отношения к делу. «Нұр Отан» должен стать главным институтом общественного контроля.

Съезде саяси кеңес бюросының мүшелері мен орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері өзгеріліп, бекітілді. Сондай-ақ, бүгін партияның логотипі латын тіліне ауыстырылды.  

Г. Меңдеева