Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Халықаралық «Шабыт» фестиваліне 500-ге жуық жас өнерпаз қатысады

AstanaTV
03.11.2017ж. 20:00
3362
Халықаралық «Шабыт» фестиваліне 500-ге жуық жас өнерпаз қатысады

Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестиваліне 500-ге жуық адам қатысады. Бұл туралы ұйымдастырушылар өткізген баспасөз мәслихатында мәлім болды. Астанада өтетін өнер сайысы қарашаның үші мен жетісі аралығында өтеді. Биыл шығармашыл жастар фестивалі жиырмасыншы мәрте өткізілмек. Астананың намысын жүзге жуық қатысушы қорғайды. Қалғандары елдің өзге өңірлерімен, тіпті шет елден келеді деп жоспарланған. Олардың ішінде Өзбекстан, Ресей, Башқұртстан, Латвия, Армения елдері бар. Әділ қазылар алқасының сапына танымал өнер майталмандары шақыртылған.

Нарима Мұxамбеталина, Астана қаласы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары: 

Биылғы "Шабыт" мерейтойлық болған соң, өзгерістер де бар. Үздік әдеби шығарма бойынша, шығарма жасөспірімдерге арналған. Және "актерлік шеберлік" деген жаңа номинация бар. Қазылар алқасы да жан-жақтан келген мықтының мықтысы деп айтуға болады.

Несіпбек Айтұлы, ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері:

Жалпы жаман емес. Шығармаларды саралап, пікіріміз бір жерден шығып, 6 адамға бәйге бермекпіз. Оны енді бесі күні анықтаймыз. Қазір енді іріктеп алдық.

Ғалымдар соңғы кезде жастар поэзиясының дамығаны, есесіне проза жанры кенжелеп қалғанын айтады. Дегенмен биылғы фестивальге 40-қа жуық проза жанрындағы шығарма түсіпті. Оның 20-сы іріктеліп алынған. Алда уақытта жеңімпаз анықталады. Бәйгеде алғашқы 4 орынның иегерлеріне сыйлық тағайындалған. Сондай-ақ Бердібек Соқпақпав атындағы жүлде мен Астана қаласы мәдениет басқармасынан бір жүлде тігіліп отыр.