Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Лаңкестер жанын сақтап қалу үшін АҚШ-қа алтын берді

AstanaTV
01.03.2019ж. 20:00
3039
Лаңкестер жанын сақтап қалу үшін АҚШ-қа алтын берді

Ал, АҚШ әскері Сирия жерінен 50 тоннаға жуық алтын алып шыққан. Бұл туралы «SANA» сириялық ұлттық агенттігі хабарлады. Лаңкестер өз өмірлерін сақтап қалу үшін Америка сарбаздарына 40 тонна алтын кепілге беріпті. Қалғанын әскерилер жасырын қоймалардан тапқан көрінеді. Ирак пен Сирия жерінде тоналған алтын Дейр-эз-Зор провинциясындағы Багуз ауылында жасырылған. АҚШ әскерилері қоршауға алған Багуз қазір ДАИШ содырлары паналап отырған жалғыз аймақ. Еске салайық, сириялық күштердің келуімен террористер тығырыққа тірелді. 50 тонна алтын арқалаған әскерилер болса, түнде тікұшақпен Америкаға жеткен.  

А. Бектас