Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтөбеде көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы үшін республикалық бюджеттен қосымша 3,5 млрд теңге бөлінбек

AstanaTV
06.03.2019ж. 20:00
3336
Ақтөбеде көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы үшін республикалық бюджеттен қосымша 3,5 млрд теңге бөлінбек

Ақтөбеде көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы үшін республикалық бюджеттен қосымша 3,5 млрд. теңге бөлінбек. Ал, Атырауда аз қамтылған отбасылардың нақты санын анықтау үшін электронды әлеуметтік карта әзірленіп жатыр. Президент тапсырмасынан соң өңірлерде қандай шаруа атқарылып жатыр? Келесі материалда толығырақ.  

Ақтөбеде 21 мың теңге деп бекітілген әлеуметтік көмекті 29 мың адам ала алады. Бірақ, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды анықтау әлі аяқталмапты. Бұл аймақтағы партия өкілдерінің басқосуында айтылды.

Сергей ВИШНЯК, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТЫ:

Республикалық бюджеттің 45% -ы әлеуметтік салаға жұмсалатын болады. Қазір ұлттық қордан да бұл мақсатқа қаражат қарастырылып жатыр. Бастысы аз қамтылған көпбалалы отбасыларды қолдау, екіншіден қолжетімді баспана мәселесі кезек күтіп тұр.

Ал, Атырауда көпбалалы аналардың әлеуметтік картасы жасалып жатыр. Электрондық тізімге мұнайлы өлкеден 12 мың жанұя енді.

Гүлмира ШӘКІРОВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ АТЫРАУ АЙМАҚТЫҚ МЕҢГЕРУШІСІ:

«NUR OTAN» партиясының облыстық филиалымен бірлесіп, осы шараларды жүзеге асыру үшін бақылау жүргізу қажет деп ойлаймын. Неге десе, қазір үкіметтен үлкен жол картасы жасақталып жатыр. Жол картасы бекітілгеннен кейін және атаулы әлеуметтік көмектердің механизмі бекітіледі.

Партияның съезіне қатысқан алматылық делегаттар қалалық кардиология орталығының ұжымымен кездесті. Бұл үлкен мекемеде де әртүрлі әлеуметтік топқа кіретін мамандар еңбек етеді. Депутаттар әркімнің әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Бірақ, заң аясынан шықпау керектігін айтады.

Рахман АЛШАНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Негізгі мақсат - соны бақылау. Қалай пайдаланып жатыр, ұрлыққа жол бермеу үшін, сұрап отыру керек жыл бойы. Кейбір региондарда ананы бер, мынан бер, біз мұнай шығарып жатырмыз, бізге берсін дейді. Ал, оларға кадрды кім дайындайды, инвестицияны кім әкеліп жатыр, жолды кім салып жатыр дегендей. Тек шектемей, халық түсінуі керек, бір ел болған соң, бәріміз жауаптымыз.

Қазір Алматыда да уақытша баспаналарда сүреңсіз күн кешкен отбасылардың есебі жүргізу қолға алынған. Депутат ірі қалалар маңындағы шағын аудандарда инфрақұрылым дамыса, халықтың тұрмысы да түзелерді деп отыр.

Р. Асқарбекұлы