Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Әйгерім Ғұмарова-жеті жасында асауды үйреткен шабандоз

AstanaTV
07.03.2019ж. 20:00
4411
Әйгерім Ғұмарова-жеті жасында асауды үйреткен шабандоз

Бүгінде қыз-келіншектер қоғамның қай саласында да белсене еңбек етіп жүр. Бірі ауыр техниканы тізгіндесе, енді бірі қолға қару алып, ерлермен бірге ел тыныштығын күзетуде. Ал оралдық Әйгерім Ғұмарова есімді бойжеткен - жеті жасында асауды үйреткен шабандоз. Қазір ол жергілікті жоғары оқу орындарының бірінде оқиды. Атадан балаға мирас болып қалған атбегілік өнерін меңгерген Әйгерім жарақат алған жылқыны емдеуді де үйреніпті.

Әйгерім ҒҰМАРОВА, АТБЕГІ:

Бәйге аттары көбіне аяғынан зақым алады ғой. Соны емдеп, қандай шаралар жасау керек, қандай дәрілер салу керек, көп нәрсе үйрендім. Жылқының бір ерекшелігі - оның көзінен бәрін оқып-білуге болады. Оның қандай көңіл-күйде тұрғанын, бір жерінің ауырып тұрғанын дегендей. Мына жылқының алаңдаулы сезімі бар, сосын қорқыныш бар, әрі бабында емес.

Ал аға буын жастарды атқа қызықтыру үшін оны дербес пән ретінде мектеп бағдарламасына енгізуді ұсынады. Сонымен сенбі, сағат 20:00-де «Біздің уақыт» бағдарламасында. Өзге емес, өзім айтам өз жайымда. Шабандоз қыз атбегілік туралы баяндайды.

Е. Карин