Гроссмейстер Ринат Жұмабаев аты аңызға айналған шахматшы Сергей Карякинді ұтқаннан кейін біздің арнаға эксклюзивті сұхбат берді. Командалық ойында мүлде жеңіліп көрмеген әлемнің үздік ойыншысы 5 сағатқа созылған партияның соңына қарай қате жүріс жасаған. Біздің спортшы сол сәтті ұтымды пайдалана білді. Астанада алғаш рет ұйымдастырылған Командалық әлем чемпионаты бүгін мәресіне жетті. Оның нәтижесі мен Ринат Жұмабаевтың толық сұхбатын осы сенбіде «Біздің уақыт» бағдарламасынан көре аласыздар.
Ринат ЖҰМАБАЕВ, ШАХМАТШЫ:
Ол қорғаныста болғаннан кейін мен амалын таба алмадым: былай жүрдім, былай жүрдім, болмады. Соңында мен кішкене ойынның «суретін» кішкене өзгерту үшін пешканы оған қайтарып беріп, шабуылға шықтым тағы, мат қоюға тырыстым.
Д. Қайыртай