Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мәжіліс депутаты: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының табысы мардымсыз

AstanaTV
02.11.2017ж. 20:00
1914
Мәжіліс депутаты: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының табысы мардымсыз

Ал Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров: "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының табысы мардымсыз", - деп мәлімдеді. Ұлттық банк басшысына сауал жолдаған ол Қазақстанда азаматтардың  зейнетақы салымдарынан түсетін пайданың өте төмен екеніне алаңдаулы. Осы жылдың 9 айында зейнетақы қоры жинақтарының жалпы мөлшері 7 триллион 539 миллиард теңгеге жеткен. Ал таза инвестициялық  табыс 462 миллиард теңгені құрайды. Яғни 6,1 пайыз. Ал  бұл кезеңде инфляция 7,1 пайызға жеткен. «Демек табыс мөлшері аз деп айтуға толық негіз бар», - деді Қоңыров.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХКП фракциясының мүшесі:

Қолданыстағы заңдарда салымдардың инфляциядан қорғалуын мемлекет қамтамасыз ететіні қарастырылған. Әйтсе де инвестициялық табысты инфляция жеп қойып жатыр, басқаша айтсақ, зейнетақы қорындағы табысты нөлге тең деуге болады. Аты дардай БЖЗҚ-ында жиналған қыруар қаржыны жұмыс істетіп, одан түсетін табысты арттыруға ешкім құлықты емес.