Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Тікелей инвестициялар қорының мандаты Үкіметте болады - Қ. Айтекенов

AstanaTV
14.03.2019ж. 20:00
2662
Тікелей инвестициялар қорының мандаты Үкіметте болады - Қ. Айтекенов

Ал Астана халықаралық қаржы орталығында тікелей инвестициялар қоры тіркелді. Жаңа құрылымды Үкімет басқарады. Бұл туралы Мәжілісте Қаржы Орталығы басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтекенов мәлімдеді. Қор өз қызметі үшін 370 млрд теңге алмақшы. Биылға бөлінген қаражат Ұлттық қордан алынып отыр. Жаңа құрылым Президент тапсырмасына сәйкес шикізаттық емес секторға инвестиция тартуды көздейді. Осы арқылы өңдеу өнеркәсібін, агроөнеркәсіптік кешенді, инновациялық сектор мен инфрақұрылымды дамытпақ. Қаражат Ұлттық Банктегі шоттарда жинақталады.   

Қайрат АЙТЕКЕНОВ, АХҚО БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қазір басқаруға қатысты тиісті құжаттар дайындалып жатыр. Директорлар кеңесін Үкімет басқарады. Мандат та Үкіметте болады. Үкіметтің тиісті мүшелері осы құраммен сайланады. Басқарушы компанияға берілген мандат осы қаражатты халықаралық тәжірибеде қолданатын болады.

Бұдан бөлек, Ұлттық қор Президент бастамаларын жүзеге асыру үшін қосымша 250 млрд теңге бөлмек. Олардың қатарында атаулы әлеуметтік көмек, «Жастар жылы» және басқа да бағдарламалар бар. Сонымен республикалық бюджет шығыны биыл 1,2 трлн теңгеге артып, 12 трлн теңгені құрайды. Олардың 11%-дан астамы мемлекеттік қарыз есебінен қамтамасыз етілмек.  

Татьяна САВЕЛЬЕВА, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бюджетте ешқандай олқылық жоқ. Барлығы есептеліп, теңдестірілген. Шығынға қатысты жағдай тұрақты. Біздің лимит 15%-ды құрайды. Ал төлемдер туралы қазір айта алмаймын.

А. Бектас