$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тобыл өңірінде тергеушінің терезесіне оқ атқан тұрғын 10 жылға сотталды

AstanaTV
15.03.2019ж. 20:00
3636
Тобыл өңірінде тергеушінің терезесіне оқ атқан тұрғын 10 жылға сотталды

Ал Қостанай облысында аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратына қарулы шабуыл жасаған Серік Ізімов 10 жылға сотталды. Тергеушінің терезесіне қосауыз мылтықтан екі рет оқ атқан ол полицейлерден кек алмақ болған көрінеді. 

Ерлік СЕРАЛИН, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:  

Қылмыстық Кодекстің 380-ші бабы 1-ескертпесі 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыру және мерзімін қауіпсіздігі жоғары түзету мекемесінде өтеу жазасы тағайындалсын!

Еске салайық, 35 жастағы Ізімов былтыр қазан айында Меңдіқара аудандық ішкі істер бөліміне 30 метрлік жерден оқ атып, ізін жасырған еді. Күдікті дереу ұсталды. Тергеу барысында ол 16-шы калибрлі қосауыз мылтықты тауып алғанын, қылмыс жасаған соң жойып жібергенін айтқан. Сот процесінде сотталушы қылмыстық әрекетін «Бұзақылық бабы» бойынша қарастыруды сұрады. Алайда, оның полицейлерден кек алу үшін орманға барып әдейі нысанаға оқ атып дайындалғаны әшкерленді. Оған қоса полицейлерге бағынбағаны, көлікті мас күйде тізгіндеп, бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылғаны тағы бар. Сондықтан, «Құқық қорғау органдары қызметкерінің өміріне қол сұғу» бабы бойынша үкім кесілген.   

З. Санай