Негізгі / Жаңалықтар / Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы И. Әбішев қамалды

Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы И. Әбішев қамалды

Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қамауға алынды. Астана қалалық сотының баспасөз қызметі шенеуніктің 2 айға қамалғанын хабарлады. Әзірге оған қандай айып тағылғаны белгісіз. Ислам Әбішев су ресурстары комитетін 7 жылдан бері басқарып келді. Бұрын ол Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Өскемен қаласының әкімі қызметтерін атқарды.  

Ботагөз БАЯНОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:  

16 наурызда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Әбішев Ислам Алмахановичке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге, яғни, 2019 жылғы 14 мамырға дейін санкциялады.

А. Бектас