Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Тоқтар Төлешовке қатысты сот аяқталды

AstanaTV
01.11.2017ж. 20:00
2552
Тоқтар Төлешовке қатысты сот аяқталды

Тоқтар Төлешовке қатысты тағы бір сот отырысы аяқталды. Шымкенттегі Еңбекші аудандық сотында 4 айға қаралған істің қорытындысына сай «сыра королінің» жазасы 21 жыл күйінде қалдырылды. Оған ҚК-тің үш бірдей бабы бойынша айып тағылған. Арасында "ірі мөлшерде салықтан жалтару", "бухгалтерлік есептерді дұрыс өткізбеу" сынды баптар бар. 245 баптың 3 бөлігімен оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да тағайындалған болатын.

Айдос Сұлтанов, Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының төрағасы:

Жасалған уақыттан бастап 1 жыл уақыттан асып кетуіне байланысты, жауапқа тарту мерзімі өтуіне байланысты бұл баппен босатылып отыр. 2016 жылғы үкімге  осы жаңа тағайындалған жаза толығымен сіңіріліп, түпкілікті 21 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып отыр.

Төлешов сонымен қатар коммерциялық және қоғамдық ұйымдарға басшылық қызмет ету құқықтарынан өмір бойына айырылады, - деді судья. Ал мемлекетке келтірілген шығынды бір ай ішінде төлеуі тиіс.

Айдос Сұлтанов, Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының төрағасы:

Мемлекетке 1 млрд 365 млн 587 мың 455 теңге мемлекеттің пайдасына өндіріліп отыр.

Тоқтар Төлешовтің өзі 4 айға созылған сотты «театр» деп мысқылдады. Ал апелляциялық шағым түсіргенмен, одан оң нәтиже шығарына сенбейтінін де жасырмады.

Я говорю - это надуманное преступление. У меня нет преступления ни одного.

Төлешовпен бірге тағы сегіз адам сот алдында жауап берді. Салық қызметкері Қарақожаевтың бостандығы шектелді. Ал өзге жетеудің бірі шартты жаза алса, тағы біреуінің ісі қысқартылды. Өзгелері рақымшылық заңына сәйкес жазадан тыс қалған.