$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Саясатанушылар Елбасы туралы пікір білдірді

AstanaTV
21.03.2019ж. 20:00
5329
Саясатанушылар Елбасы туралы пікір білдірді

Тұрақтылықтың кілтін уысынан шығармаған Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі елеулі. Алматылық саясаттанушылар өз еркімен қызметінен кеткен тұңғыш президет жұмысына осындай баға берді. Олардың пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаев ішкі тұрақтылық пен сыртқы саясаттағы мүдделерімізді теңдей ұстады. Соның арқасында инвестиция келді.  

Есенжол АЛИЯРОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Кеңес одағы ыдырағанда, экономикалық байланыстар үзілгенде тұрақтылықты сақтап қалып, шетелдік инвесторларға жағдай жасап, солар Қазақстандағы тұрақтылықты байқап қаржы әкелуін тура айтқанда Нұрсұлтан Назарбаевтың жетістігі деп санауға болады. Соңғы алған мәліметім бойынша Еуропалық Даму Банкі Қазақстанға Президент ауысса да әлі де инвестиция беруді тоқтатапаймыз, депті. Бұл тұрақтылықтың сақталғаны.

Қазақстан бүгінде әлем саясаткерлерінің назарында. Тәуелсіздік жылдарында небір халықаралық шараларға қатысып, әлемдік державалардың сенімді серіктесіне айнала білді. Саясаттану инситуты директорының орынбасары Серік Нұрмұратов : «бұл 30 жылда жасалған баға жетпес мұра» деп отыр.

Серік НҰРМҰРАТОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Енді күтетініміз саяси, мәдени, қоғамдық өмірде жасалынған жақсы нәрселер болса әрі қарай дамыса, өрбісе. Жетпей жатқан бұрынғы әлеуметтік мәселелерді дамытсақ.

Р. Асқарбекұлы