Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Бизнес ахуалды жақсарту үшін заңдар мен кодекстерге толықтыру енгізу жоспарланып отыр

AstanaTV
01.11.2017ж. 20:00
2681
Бизнес ахуалды жақсарту үшін заңдар мен кодекстерге толықтыру енгізу жоспарланып отыр

Кәсіпкерлік саласына қатысты заңдарды оңтайландыру. Ұлттық экономика министрлігі осындай мәселені көтеріп отыр. Яғни еліміз бизнесті ыңғайлы жүргізу бойынша Дүниежүзілік банктің рейтингінде жоғалтқан позициясын қайтармақшы.

Аталған рейтингте Қазақстан 35-ші орыннан 36-шы сатыға түскен. Ал бұл деңгейді бірден бес позицияны еңсерген Ресей иемденіп отыр. Салыстырмалы түрде алсақ, былтыр Қазақстан 6 бағыт бойынша көрсеткішін жақсартқан. Сөйтіп, Дүниежүзілік банктің рейтінгінде Швейцария, Жапониямен иық теңестіріп, Италия, Мексика және Израильды артта қалдырған еді. Бағалау 10 индикатор бойынша жүргізіледі.

Мысалы, рейтингке сай Қазақстанда кәсіпорын мен меншікті қиналмай тіркеуге болатыны көрсетілген. Сонымен қоса келісімшартты орындау ісі қамтамасыз етіледі. Салық та қолайлы бола бастаған. Аз пакетті акционерлердің мүддесін қорғау бойынша 190 елдің ішінде Қазақстан бірінші орында тұр. Алайда, кемшін тұстар жоқ емес. Құрылысқа рұқсат беру бойынша еліміз бірден 30 сатыға төмендеген. Ең нашар көрсеткіш - халықаралық сауда-саттықта: мұнда біз 123-ші орында келеміз.

Осыған орай, 2018 жылдың қарашасынан Астана-1 ақпараттық жүйесін енгізу ісі жоспарланған. Сондай-ақ үкімет өзгертудің алтыншы пакетін әзірледі. Бұл - 16 заң мен 6 кодекске 90 толықтыру енгізуді көздейді.