Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

2025 жылға дейін Назарбаев университеті студенттер санын 8 мыңға дейін арттырмақ

AstanaTV
21.03.2019ж. 20:00
4181
2025 жылға дейін Назарбаев университеті студенттер санын 8 мыңға дейін арттырмақ

2025 жылға дейін Назарбаев университеті студенттер санын 8 мыңға дейін арттырмақ. Елдегі маңдай алды оқу орнын былтыр 800-ге жуық түлек тәмамдады. Білім ордасы Тұңғыш Президенттің бастамасымен осыдан 9 жыл бұрын негізі қаланды. Қазір түлектердің бірі шартарапта білімін шыңдап жүрсе, енді бірі елдің игілі жолында еңбек етіп жүр. Университеттің үздік студенттерімен тілшіміз Ақерке Бектас тілдесіп қайтты.  

Мәулет Ахметов - Назарбаев университетінің үздік студенті. 1 жыл бұрын елордада алғашқы әлеуметтік дәмхананы ашты. Небары 22 жастағы кәсіпкер 35 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қызметкерінің көбісі психикалық ауытқуы бар жандар. Оларға көмек қолын созып, күнде жәрдемдесу үшін дәмхананы да «Kunde» деп атапты.

Мәулен АХМЕТОВ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

Мамандық алу үшін емес, сен адам болу үшін оқисың. Назарбаев университеті көптеген мүмкіндіктер берді. Менің мақсатым - Қазақстандағы әр азамат мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керек.

Ал университет зертханасында жаңа жобасын жүзеге асырып жатқан бұл жас - Жанат Махатаева. Өндірісте жұмыс істейтін роботтар мен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Ол үшін арнайы бағдарлама да дайындады. Жүйе кез-келген смарт-машинаның үлгісіне бейімделе алады.

Жанат МАХАТАЕВА, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАГИСТРАНТЫ:

Бұл қосымшаны жасау арқылы мен белгілі бір ақпаратты біле аламын. Виртуалды роботты көре аламын және оған қауіпсіз жерді таңдай аламын. Осы арқылы өзіме де жұмыс істеуге қауіпсіз аймақты таңдауға мүмкіндігім бар.

Қазір университетте 470 профессор-оқытушы дәріс береді. Басым бөлігі әлемнің 50-ден аса елінен келген үздік ұстаздар. Білікті маманнан білім алған студенттер әр саланың қыр-сырын меңгеріп алған.

Ақерке БЕКТАС,ТІЛШІ:

Назарбаев университетінде жылына 700-ге жуық жас оқу грантына ие болады. Бүгінге дейін іргелі оқу орнын 3000-ға түлек бітіп шықты. Қазір олар электронды инженерия, білім, медициналық, әлеуметтік ғылым салаларында жемісті еңбектеніп жүр.

Шигео КАТСУ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен біздің түлектермен мақтанамын! Қазір біз түлектердің 5-ші ағынын дайындап жатырмыз. Осы уақытқа дейін елдегі талантты талапкерлерді университетке жинай алдық. Мемлекет қамқорлығының арқасында академиялық еркіндік берілді. Университетте ізденіп жүрген әрбір ғалымдар мен оқытушылардың арқасында оқу орны қазір әлемдік бәсекеге қабілетті.

Осыдан 9 жыл бұрын негізі қалаған университетке жыл сайын 10 мыңнан аса адам құжат тапсырады. Олардың тек талабы зор, білімі тереңі ғана оқу орнына іріктеледі. Талаптың тым қатал болу оларға жастарды адал еңбекке баулу үшін қажет.

А. Бектас