Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Өскемендік оқушылар үшін «Naýryz Fest» шарасы өткізілді

AstanaTV
21.03.2019ж. 20:00
3545
Өскемендік оқушылар үшін «Naýryz Fest»  шарасы өткізілді

Өскеменде «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы, көктемгі демалысқа шыққан оқушыларға арнап мерекелік экскурсия ұйымдастырды. Наурыз мерекесіне орайластырылған шараға келген балалар ұлттық тағамдардан дәм татты. Ұлттық ойындардың да көркін қыздырды.  

Өскемендегі балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапхана оқырмандары үшін биылғы Наурыз мерекесі ерекше басталды. «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы бұл жолы «Naýryz Fest» шарасын ұйымдастырды. Мейрам туралы білгендерімен бөлісті, тіпті өздері бауырсақ пісіріп, ет асу процесіне қатысты. Өнерге икемі бар өрендер домбыра пати байқауында бақ сынап, ежелден келе жатқан сыңсу айту, бата беру, ақтық байлау секілді рәсімдерді жасады.

Е. Карин