Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Бюджеттік сала қызметкерлерінің айлығы 1 маусымнан бастап өседі - Қ.Тоқаев

AstanaTV
22.03.2019ж. 20:00
6047
Бюджеттік сала қызметкерлерінің айлығы 1 маусымнан бастап өседі - Қ.Тоқаев

Айлығы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастап өседі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма берді. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасында жазды.  

«Үкіметке бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметшілердің жалақысын көтеруді 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастау туралы тапсырма бердім. Бұл шешім бір миллионнан астам азаматтық және мемлекеттік қызметшілердің жағдайының жақсаруына тікелей әсер етеді».

Президент тапсырмасына сәйкес «Республикалық бюджетті нақтылау туралы» заңға өзгерістер енгізілмек. Қаржы министрлігі қазір құжаттың Парламент қарауында жатқанын хабарлады. Ведомство Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, қосымша шығыс көлемін анықтап жатыр. Еске салайық, «Нұр Отан» партиясының съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға, ал атқарушы органдарда төмен жалақы алатындардың айлығын 25%-ға көбейтуді тапсырған еді. Бұған бюджеттен 170 млрд теңге бөлінбек.

А. Бектас