Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Назарбаев әлемге ашық адам-Л.Млечин

AstanaTV
22.03.2019ж. 20:00
4503
Назарбаев әлемге ашық адам-Л.Млечин

Назарбаев әлемге ашық адам. Елдегі жастарды шет елге білім алуға жіберуі соның айғағы. Ресейлік саяси сарапшы әрі журналист Леонид Млечин осылай дейді. Қазақстанда болып жатқан саяси процесті төрткүл дүние түгел бағып отыр. Әсіресе, көршілерге тіпті қызық. Тілші толықтырады.   

Қазақ билігінің ауысына орай, ресейлік белгілі журналист Леонид Млечин «Ю-тубта» 10 минуттық видео-пікірмен бөліскен. Ол Назарбаевтың елге сіңірген еңбегін тізбектеп шығады. Бірінші оның ашықтыған атайды. Кеңес өкіметі құлап, 70 жыл жабық экономика жүргізіп, батысқа қырын қарап, қорқып қалған елдердің ішінде, инвесторлармен алғаш тілге келіп, елге ақша тартқан адам ретінде бағалайды. Батысқа үрке қарап, секемденбейтіні, керісінше ашықтығын ресейлік сарапшы «Болашақ» бағдарламасы арқылы айғақтайды.

Леонид МЛЕЧИН, ЖУРНАЛИСТ, САЯСИ САРАПШЫ:

Нарзарбаев әлемге ашық. Сондықтан жас қазақтар шетелге оқуға барады. Өйткені Президент елге жоғары, кәсіби білімді мамандар келгенін қалайды. Бұл туған елге жасаған бірінші жақсылығы.

Әлбетте, келесі өлшеусіз еңбегі, қазақ даласына қасірет әкелген ядролық сынаққа тосқауыл қоюы. Дүниені дүрліктіріп, үрей құшағында ұстауға, я болмаса ақшаға құмартып, адамзатқа қауіпті жарылыс құралын сол қалпында қалдыруға әбден болар еді. Бұл тұста Назарбаев сұңғылалық танытты, дейді.   

Леонид МЛЕЧИН, ЖУРНАЛИСТ, САЯСИ САРАПШЫ:

Қазақстанда ірі көлемде ядролық қару болды. Елде оны сақтап қалуға, ал шетелде оны сатып алуға ниеттілер болды. Назарбаев ондай сауда-саттықтан біраз ақшаға кенелер еді. Ол ерік-жігер мен саяси көрегендік танытты. Ядролық қарудан бас тартты.

Тұңғыш Президенттің шешуші қадамы - Қытаймен арадағы шегараны шегендеп алғаны. Биыл Кеңес өкіметі мен Қытай арасында болған қырғынға 50 жыл толады. Қазіргі Ресей аумағы Даманск аралында, шекарада қытайлармен қарулы қақтығыстан 58 совет сарбазы қаза болған, 94-і жараланды. Ал Ресейдің өзі тек 2005 жылы шекараны айқындап, құжатқа қол қойды. Мелчин Тоқаевақа да баға берген.

Леонид МЛЕЧИН, ЖУРНАЛИСТ, САЯСИ САРАПШЫ:

Мен ол секілді тамаша саясаткерді, ғажайып, энциклопедиялық білімі бар, мүлтіксіз дұрыс ойлайтын және ойын дөп жеткізетін адам көрген жоқпын. Ол қытайтанушы, Қазақстанда үлкен жетістіктерге жетті. Жаһандық деңгейде ондай саясаткерлер некен-саяқ.

Бір қызығы, ресейлік сарапшы, Назарбаевқа кезінде Горбачевтің орынбасары болу туралы ұсыныс түскенін еске салады. Бұлай болғанда Кеңес өкіметі дағдарысты айналып өтер ме еді деген өкінішімен бөлісті. Көрші елдің Қазақстанмен арада стратегиялық қарым-қатынас сақталғанын қалайтыны және оған алаңдайтыны байқалады.

М. Дюсекина