Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Бастауыш партия ұйымдары да бас қаланың жаңа атауын қолдайды

AstanaTV
25.03.2019ж. 20:00
4611
Бастауыш партия ұйымдары да бас қаланың жаңа атауын қолдайды

Бастауыш партия ұйымдары да бас қаланың жаңа атауын қолдайды. Бүгін «Нұр Отан» партиясының қалалық филилалы Президент идеясы аясында форум ұйымдастырды. Жиында «Нұр-Сұлтан» атауының маңызын жұртшылыққа түсіндіру мәселесі сөз болды. Партия өкілдері астананы Алатау бөктерінен Сарыарқаға көшіруді Елбасы ұсынды және қаланың қалыптасып, өсуіне зор ықпал етті, сондықтан шаһарға оның атын беру шешімі тарихи әділеттілік деп санайды.  

Ерлан АХМЕДИ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ «НҰР-СҰЛТАН» ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бас қаламызға солтүстіктен, оңтүстіктен, батыстан, шығыстан, сырттан келген ағайын осы жерде отбасы құрып, оқып, жұмыс істеп, осының арқасында қазақ бір-біріне жақын болып, бірлігі нығайып жатыр. Яғни, Елбасымыз Астананы осы жерге көшіру арқылы мемлекеттілік үшін, елдің болашағы үшін үлкен стратегиялық қадам жасады.

Зейнолла ШИПКЕНОВ, «НҰР-СҰЛТАН» ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

О кісі келіп, Астананы құра бастағаннан білесіздер, Астана үлкен, жақсы қаланың бірі болып шықты. Сондықтан қалаға есімін беруге екі қолымды көтеріп қуанамын. Неге десеңіз еңбегі зор, көп жақсылыққа жеткізді қазақтарды.

А. Сейфулла