АҚШ-та өткен Президент сайлауына Ресей араласқаны анықталды. Бұған прокурор Роберт Мюллер көз жеткізген. Ол Трамптың бас қарсыласы демократиялық партия атынан сайлауға түскен Хиллари Клинтонның беделіне Кремль кір келтіріп, жалған ақпарат таратты,- дейді. Дегенмен, ол Ресей мен Трамп штабы арасында тікелей байланыс барын дәлелдей алмады. Осылайша, Трамп сайлауда заң бұзды деген айыптан құтылды. Бұл туралы Мюллердің жұмысын саралаған АҚШ-тың Бас прокуроры Уильям Барр мәлімдеді. Мұны республикалық партия қуана қабылдағанмен, демократтар Трамптың өзі таңдаған Бас прокурор Уильям Баррдың баяндамасына сенімсіздік танытып отыр.
Ә. Өмірзақ