Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Шымкентте «Ашық аспан» атты халықаралық әуе шарлар фестивалі өтті

AstanaTV
25.03.2019ж. 20:00
5080
Шымкентте «Ашық аспан» атты халықаралық әуе шарлар фестивалі өтті

Шымкент бәр сәтте Кападокияға айналды. «Ашық аспан» халықаралық фестиваліне Украина,Түркия, Румыния, Венгрия, Молдова, Белорусь сынды 11 елдің спортшылары қатысты. Ғажайып фестивальда 20 аэростат көкте қалықтатып, көрермен көзайымына айналды. Былтыр бұл шараға небәрі алты елдің өкілдері қатысқан-тын. Іс-шараның бір ерекшелігі - көкке көтерілем деушілердің жасына шектеу болған жоқ. Сондықтан жастың да, жасамыстың да аспанға ұшып, жерді биіктен тамашаласам деген арманы бұл күні ақиқатқа айналды. Айта кетейік, келесі жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы атанады. Осыған орай 50 әуе шарын ұшыру жоспарланып отыр. Осылайша үшінші мегаполис Орталық Азиядағы «Әуе шарларының астанасы» атанбақ. 

А. Төребекқызы