Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Астанада әлемдегі ең үлкен 3D зал ашылады

AstanaTV
01.11.2017ж. 20:00
3110
Астанада әлемдегі ең үлкен 3D зал ашылады

Астанада әлемдегі ең үлкен 3D зал ашылады. Жаңа технологияны елімізге Қытайдың киностудия мамандары әкелмек. Ол «Қазақстан» орталық концерт залына орнатылады. Ерекше зал келер жылдың жазында ашылады деген жоспар бар. Қазақстандықтар жаңа технология бойынша тек кино көріп қана қоймайды. Түрлі шоу, концерт, форумдар барысында да лазерлік шоуды пайдаланады.

Асхат Маемеров, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры:

Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасында да осы дүние көрсетілген. Мына қазақстандық мәдениет, сонымен бірге жаңа заманауи, әсіресе жас буын тамашалайтын, ажырата алатын технологияның соңғы жетістіктерін пайдалану.