Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Қаламқастағы» өрт бүгін-ертең сөндіріледі

AstanaTV
27.03.2019ж. 20:00
2946
«Қаламқастағы»  өрт бүгін-ертең сөндіріледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қаламқас» кенішіндегі өртті сөндіру жұмыстарын өз бақылауына алғанын «Twitter»-дегі парақшасында мәлімдеді. Мемлекет Басшысы Үкіметке төтенше жағдайды реттеуге тапсырма берген. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, Атырау қаласынан әкелінген арнайы техника бүгін іске кірісіпті. Бұған дейін апат ошағына жақындай алмаған. Енді штабтың шешімімен екі бағытта құм мен қиыршық тастан жол салынды. Мамандар өрттің бүгін-ертең өшірілетінін айтып, сендіріп отыр. Кеніш басындағы өртті сөндіретін екі арнайы техникаға реактивті ұшақтың қозғалтқышы орнатылған. Бұл құрылғы секундына 150 литр су атқылайды.  

Манарбек МҰХАНБЕТОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Екі учаске әзірленді. Ол жерлерге екі машина қойылды. Олар су шашады, екі жақтан. Егер, желдің бағыты өзгерсе, бұл жұмыстарды уақытша кейінге қалдыруға тура келеді. Желде жан-жақтан соғып тұр.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, «МаңғыстауМұнайГаз»-ға тиесілі «Қаламқас» кен орны үш күннен бері қызыл жалын құшағында. 25 наурыз күні ұңғымалардың бірінде 900 шаршы метр аумақта биіктігі 10 метрге жететін грифон өртенді. 5-ші наурызда бұл жер бұрғыланып, ұңғыманы шаю жұмыстары жүргізілген. Бірақ, цемент қатпай жатып, газ бен су аралас қоспа жоғары атқылады. Өрт тау жыныстарының жылжуынан тұтанды деген болжам да айтылуда. 

Е. Карин