Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Қаламқас» кен орнындағы өрт сөндірілді

AstanaTV
28.03.2019ж. 20:00
3251
«Қаламқас» кен орнындағы өрт сөндірілді

Маңғыстау облысында орналасқан «Қаламқас» кен орнындағы өрт 89 сағатқа жалғасқан. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметі жазбаша ақпарат таратты. Алпауыт компанияның дерегінше кеше түнде кен орнындағы жалын толықтай өшірілген. Бұл жұмыстарға 80 құтқаушы мен 25 техника жұмылдырылыпты. Алдын-ала болжам бойынша шығын көлемі мардымсыз деп отыр. Қазір оқиға орнында қайта қалпына келтіру жұмыстан жүріп жатқаны хабарланған. Сондай-ақ, мамандар өртке не себеп болғанын анықтауда, дейді баспасөз парағында. 

Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ: 

Ұңғымадан шыққан көбінесе су мен газ. Мұнай жоқ. Газ толығымен өртенді. Енді қазір біздің міндетіміз-газдың көлемін санап және газ компоненттік составын зерттеп, сосын экологиялық қандай теріс әсер тигізгенін есептеп баяндаймыз.

Бұл мәселеге орай Сенат төрағасы Дариға Назарбаева аландаушылық білдірді. Спикер соңғы кезде елде экологиялық апат жиілеп кеткенін айтты. Атырауда, Жайық өзенінде болған балық қырғыны да экологиялық проблемаға келіп тірелді. 

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Экологиялық мәселелерге жауапты меморгандардың қоршаған ортаға және тұрғындарға әсер ететін ешқандай ахуал жоқ деген ресми мәлімдемеларіне қарамастан бұл апатты жағдайға нақты баға берілуі тиіс. Ауаның ілеспе судық және топырақтың сапасына күнделікті тексеріс жүргізу керек. Бұл мәселе мемлекет басшысының жеке бақылауында.

Н. Біләл