$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Сәуірден бастап 9 айлық баладан 30 жасқа дейінгілерге қызылшаға қарсы вакцина жасалмақ

AstanaTV
29.03.2019ж. 20:00
2948
Сәуірден бастап 9 айлық баладан 30 жасқа дейінгілерге қызылшаға қарсы вакцина жасалмақ

Сәуірден бастап қазақстандықтар қызылшаға қарсы қосымша вакцина қабылдайды. Бұл туралы арнайы брифингте- Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин айтты. Бұған дейін 1 жастан асқан балалар егілетін болса, енді 9 айлық нәрестелер де екпе қабылдауы қажет. Өйткені қазір аурудың 54 пайызы 1 жасқа толмаған сәбилер арасында тіркелген. Ол бір жарым мыңдай бала. Вакцина 30 жасқа дейінгілерге тегін егіледі. 

Жандарбек БЕКШИН, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

80 жылдардың аяғы мен 90 жылдардың басында қазір 30 жасқа толғандар вакцинациядан өтпей қалды. Бүгін де ана болып жатқан келіншектер құрсағы арқылы балаға иммунитет бере алмайды. Қарсы денелер ана сүті немесе қан арқылы беріледі. Бала 8-12 айға дейін анасының иммунитетімен қорғалған.

788 млн теңгеге мыңнан астам доза сатып алынған. Жазға қарай қосымша 600 млн теңгеге- 500 мыңдай вакцина сатып алу жоспарланған. Министрлік маманы екпе арқылы ауруды жоямыз деп отыр. Өйткені бізде Еуропада өршіп тұрған аурудың ең қауіпті, жұқпалы түрі тараған көрінеді. Елде мыңдаған жағдай тіркелгенімен, өлім-жітім болмаған.  

Г. Мендеева