Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Украинадағы президент сайлауында негізгі үш үміткер бар. Голан жоталары кімдікі?

AstanaTV
30.03.2019ж. 20:00
3268
Украинадағы президент сайлауында негізгі үш үміткер бар. Голан жоталары кімдікі?

Ертең Украинада президент сайлауы. «Актер, шут В.Зеленский президент болып кетпей ме?», деп қорқатындар көп, бәрінен бұрын Зеленскийдің өзі, деп жазды бір эксперт. 

Сауалнамалар қорытындысы бойынша үміткерлердің алғашқы үштігін актер Владимир Зеленский бастайды. Қазіргі президент П.Порошенко екінші, үшінші –Ю.Тимошенко. Екінші турдың өтетініне ешкім күмәнданбайды.

Расул ЖҰМАЛЫ, САЯСАТТАНУШЫ:

Жарты-ақ жыл бұрын бұған дейін ешқандай саясатқа араласпаған, тек ғана өзінің саяси шоуларын, ток шоуларын жасап жүрген әзіл сықақ жобаларымен көзге түсіп жүрген шын мәнінде белгілі Зеленскийдің саясатқа түскені және осындай қоғамның қолдауына ие болуы – бірінші кезекте Украинаның дәстүрлі саясаткерлерден шаршағаны, Порошенко болсын, кезіндегі Янукович болсын, басқалардан. Осылардан түк шықпайды, алдап кетеді, сенім жоқ деп, жаңа бір тұлғаның саясатқа қатысы жоқ, араласпаған Зеленскийдің осындай қолдауға ие болуының бірден бір себебі осындай жаңа түсініктің, жаңа лептің пайда болғаны. Түрлі әңгімелер бар. Мысалы, Зеленский ірі олигархтардың бірі Коломойскийдің адамы деген. Дөп басып айту қиын. 2014 жылғы Майданнан кейін қалыптасқан жағдай – кез-келген президент қаншама артында олигарх тұрсын, ақша тұрсын, жекелеген мемлекеттер қолдасын, Украинаның түпкілікті мүдделерінен ауытқитын болса, ертеңгі күні ол президенттіктен қош айтысады. Бұл нақты дүние.

Осы аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Голан жоталары Израильге тиесілі деп мәлімдеді. 1967 жылы болған алты күндік соғыста әуелде Сирияға тиесілі болған жоталарды Израиль басып алған еді. Голан жоталарын Израиль аумағына тиесілі деп мойындау туралы құжатқа қол қойған кезде Трамптың жанында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху болды. Екеуі бірдей дерлік киінген. «Біз жоталарды ұстап тұрмыз, ешқашан бермейміз де», -дейді Нетаньяху.

Сирия сыртқы істер министрі Трамптың шешімін «Сирия егемендігі мен аумақтық тұтастығына сорақы шабуыл» деп атады.

Рустам БУРНАШЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Мен АҚШ БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесімен санаспай, онымен байланысын үзді деп кесіп айта алмас едім. Америка сол баяғыдай, өз репертуарында. Яғни Вашингтон ішкі, сыртқы саясатын бірінші орынға қойып, соған сай әрекет жасауда... Ал Израильдің басқа мемлекеттермен қатынасы күрделеніп кетуі ғажап емес. Себебі ол өзіне тиесілі емес жер үшін таласқандай.