Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Атырауда мүгедек балаларды ұрып-соққан орталық мамандары жұмыстан шеттетілді

AstanaTV
01.04.2019ж. 20:00
6453
Атырауда мүгедек балаларды ұрып-соққан орталық мамандары жұмыстан шеттетілді

Атырауда мүгедек балаларды ұрып-соқты деген күдікке іліккен интернаттың 2 тәрбиешісі мен 3 санитары жұмыстан уақытша шеттетілді. Бұл туралы облыстық прокуратура өкілдері айтты. Тексеріс кезінде дамуы тежелген балаларды орталық қызметкері мәжбүрлеп жұмыс істеткені анықталған. Тағы бір тәрбиеші қолындағы ұялы телефонға жармасқан тәрбиеленушінің басын диванға соққан. Бұл жағдайлар интернаттағы бейнебақылау камерасына жазылып қалыпты.Бірақ, ол таспа тексеріске орай көпке жария етілмей отыр. Базаргүл Нәдірқызы жағдайды торлығырақ баяндайды. 

Бұл №3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері. Мұнда ақыл -ойы кеміс, зағип, тұрақты күтімді қажет ететін психоневрологиялық патологиясы бар балалар тұрады. Прокурорлар анықтаған деректердің біразы осы бөлмеде кешкі уақытта болған. Әдетте балалар осы жерде теледидар қарайды. Кешкілік жазбалар бақыланбағандықтан, басшылық бұл жағдайдан хабарсыз болып келгендерін айтады. Дегенмен, бейнебақылауға түскен жайттардың әрқайсына түсінік бере аламын,- дейді орталық директорының орынбасары.   

Гүлжан ҚАЗИЕВА, АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Би кешіне келген тәрбиеші баланы анасының сұрауы бойынша суретке түсірген. Сол суретке, жалпы біздегі балалардың бәрі психо-неврологиялық ауытқуы бар балалар. Бір суретке телефонға қара дегенде қарай алмайды, сондықтан басынан түртуге тура келеді. Әрине бірнеше жылдық стажы бар тәрбиеші бұл қылмысты қасақана жасамаған. Мен мекеме басшысы ретінде солай түсінік беремін. Ал, кейбір жағдайлар болған ол біздің қызмектерлердің тарапынан болды. Оларды құптамайтын да жерім бар.

Әрекеті прокурорлар көзіне түскен екі тәрбиешінің де педагогикалық білімі бар, тәжірибелі мамандар. Санитарлар да орталықта біраздан бері қызмет атқарады. Жастары 40 пен 50 жас аралығындағы әйел адамдар. Орталықтың соңғы сақталған желтоқсан-қаңтар айларының бейнебақылауын көріп шыққан құзырлы мамандар олардың үстінен кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамады деген айып тағылып отыр.  

Қанат ҚАБДОЛОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ: 

Олар физикалық түрде жетіспеушіліктеріне байланысты ешкімге ештеңе айта алмаған. Бұл фактілер бойынша тергеу жұмыстары Қылмыстық Кодекстің 140 бабының 2 бөлігіне сәйкес полиция органдармен жүргізілуде. Балаларға қатысты қатыгездік таныту арқылы күш көрсеткен интернат тәрбиешілері өз қызметтерінен уақытша шеттетілді.

Басы дауға қалған бұл орталық 1993 жылы ашылған болатын. Мұнда 97 тәрбиеленуші бар. Сырқат балаларды бағу, әрі қоғамға бейімдеу мекеме мамандарының күнделікті жұмысы. 

Б. Нәдірқызы