Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Шымкентте жасөспірімдер өздері жасаған бұйымдарды саудаға шығарды

AstanaTV
02.04.2019ж. 20:00
2579
Шымкентте жасөспірімдер өздері жасаған бұйымдарды саудаға шығарды

Шымкентте жүзге тарта жеткіншек бір күн бизнесмен кейпіне енді. Олар балаларға арналған бизнес жәрмеңкеде өз қолдарымен жасаған бұйымдарды сатылымға шығарды. Алты мен он төрт жас аралығындағы оқушылар бірі қолөнер бұйымын, енді бірі салған суретін саудалап жатыр. Қайсыбірі тіпті үйінен арнайы пісіріп әкелген тәттісін пұлдауда. Жасөспірімдер жәрмеңкенің болатынын естіп түнімен көз майын тауысып, бірнеше данадан жасап шыққандарын айтады. Бұл күні алушы да, сатушы да дән риза. Бірі қызық көрсе, кейбірі келешекте өз кәсібін ашуға қазірден шешім қабылдап үлгергендерін жеткізді.  

Әмина НӘБИЕВА:  

Бұны сурет сабағында үйренгенмін. Бірақ, мен оны сатуға болатынын білмегенмін. Білген соң қызық екенін білдім. Қазір маған ұнап жатыр. Басында қорыққанмын, ұялғанмын. Қазір үйреніп қалдым.

Саудаланып жатқан бұйымдардың ең арзаны 100 теңгеден басталады. Арасында жиырма мыңға дейін сұрап тұрған туындылар да бар. Жас бизнесмендер бұл күні бас аяғы 225 мың теңге табыс тапты. Олар жиналған қаржының 10 пайызын жануарларды қорғайтын ұйымға қайырымдылық ретінде аударды. Айта кетейік, «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ұйымдастыруымен шаһарда адғаш рет өткен мұндай ерекше шара «Nur Otan» партиясының қолдауымен өтіп отыр.  

Ерлан АЙТБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Мақсат - осы жасөспірім балаларды кішкене бизенске, кәсіпкерлікке баулы. Себебі бала бір іспен айналысып, қолынан келеді, өнерін, қолымен жасаған туындысын әкеліп осы жерге 1 мың -1,5 мың теңгеге сатса да ол өзіне бір кішкене пайда түссе баланың әрі қарай қызығушылығы . Одан кейін мына жерде келген кісілермен саудаласып, сөйлесіп, тіл байлығы артады.

А. Төребекқызы