Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Ақымақтар серуені»

AstanaTV
02.04.2019ж. 20:00
2357
«Ақымақтар серуені»

Ал, Будапеште ерекше шеру. Оған қатысушылардың ешкімге ешқандай талабы жоқ. Билікке де қарсы шықпады, жалақы көтеруді де талап етпеді. Тек ел назарын аудару үшін көшеге шыққан. Бұл «Ақымақтар серуені» деп аталатын шеру. Бәрін бастап жүрген 27 жасар Бенедок Петрок есімді Будапешт тұрғыны. Оның айтуынша, осындай ебедейсіз қимылдармен бойдағы стрессті шығарып, күнделікті күйбең тірлік мен күйзелістен айығуға болады. Қатысушылар арасында зейнеткерлер де, жас балалар да бар. Жеткіншектер шамасы, өтпелі кезең қиындығына тап болған шығар. Айтпақшы, мұндай шеруді алғаш рет жетпісінші жылдары аса танымал болған британиялық «Монти Пайтон» комик-тобы ойлап тапқан.  

Д. Қайыртай