Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

МИ-8 әскери тікұшағы апатында қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 5 жылдық жалақы есебінде бір реттік өтемақы төленеді

AstanaTV
03.04.2019ж. 20:00
2894
МИ-8 әскери тікұшағы апатында қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 5 жылдық жалақы есебінде бір реттік өтемақы төленеді

МИ-8 әскери тікұшағы апатында қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 5 жылдық жалақы есебінде бір реттік өтемақы төленеді. Үйі жоқтарға пәтер беріледі. Заңда көрсетілген міндетті көмек жайлы қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров мәлім етті. Қазіргі уақытта бірінші санаттағы әскерилердің айлығы 140 мың теңгеден басталады. Яғни, қаза болған офицерлердің үй-іші 8 миллион теңгедей жәрдемақы алмақ. Ал жалақысы 60-70 мың теңге шамасындағы келісімшарттағы сарбаздардың жанұясы 4 миллионнан кем емес қаржылай көмек иеленеді. Еске салайық, 27 наурызда Қызылорданың Жалағаш ауданы маңында әскери тікұшақ құлап, борттағы 13 әскери қызметкер түгел қайтыс қаза болған еді. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр. 

Талғат МҰХТАРОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Әріптестерімізді, әскери достарымызды шетте қалдырмаймыз, отбасыларын. Оны министр де айтыпт кетті біздің. Жаняұларға «шевство» тағайындалатын болады. Қолдан келетін көмекті жасап отырамыз.

А. Сейфулла