Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Шымкентте медбикелер күйдіріп қойған 10 айлық сәби Алматыда ем қабылдайды

AstanaTV
03.04.2019ж. 20:00
2380
Шымкентте медбикелер күйдіріп қойған 10 айлық сәби Алматыда ем қабылдайды

Шымкентте медбикелердің салғырттығынан күйіп қалған 10 айлық нәресте емін Алматыда жалғастыратын болды. Бөбек бүгін анасымен бірге санавиациямен ауыстырылған. Ол Алматыдағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында емделмекші. Бұл ақпаратты облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаев растады.  

Болат НҰСҚАБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Алматыға просто баланың анасы Алматыға жіберсеңіздер бола ма деп сұранғасын біз порталға қойғанбыз. Сразу орын берді. Бүгін санавиациямен шығарып салдық. Ол жерде тура осы емді жүргізіеді. Бірақ енді острый периуд қой балада, күйгені үш-төрт ақ күн болды ғой. Сонан кейін қалған екі-күннен кейін обследование бастайды полный. Содан кейін емделіп шыққан кейін ол жақтан құдай қаласа ол бала бізге қайтып келеді ол бала.

Еске салайық, Шымкенттегі ауруханалардың бірінде 10 айлық балаға ыстық сумен клизма жасап, күйдіріп тастаған еді. Жұқпалы аурулар ауруханасының медбикелері оның тікішегіне 60 градус ыстық су жіберген. Бұл іспен қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен полиция айналысып жатыр. Жұмысына салғырт қараған үш қызметкер уақытша жұмыстарынан шеттетілген. 

А. Төребекқызы