Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Кәсіптік білім алу - уақыт талабы

AstanaTV
31.10.2017ж. 20:00
2802
Кәсіптік білім алу - уақыт талабы

Кәсіптік білім алу - уақыт талабы. Техникалық мамандықтарға сұраныс артқандықтан, жас буынның осы бағытты таңдауына мүмкіндік жасау керек. «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының «Білім беру» бағыты бойынша комиссиясының отырысына қатысушылар осындай пікір айтты.

Өңірде «Тегін техникалық білім беру» жобасы ойдағыдай жүргізілуде. Білім басқармасының ақпарына сәйкес, 26 колледжде тиімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы жұмыс істейді. Оның аясында 52 жұмысшы мамандығы бойынша 1035 адам кәсіптік білім алуда. Сондай-ақ «Серпін» әлеуметтік жобасымен 502 студент қабылданған. Олар  Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Маңғыстау облыстарынан келіп білім алып жатыр. Жыл өткен сайын бұл жобаға қызығушылар артып келеді. Егер үш жыл бұрын серпіндіктер 50 адам болса, қазіргі көрсеткіш 200-ге жеткен.

Қабылқақ Қапенов, «Нұр Отан» партиясы ПОФ «Білім беру» комиссиясының төрағасы:

Жалпы дайындығы 50 пайыздан астам техникалық және кәсіптік, технологиялық білімдерге арналған. Үлкен индустриялық жобаларға байланысты техникалық өндіріске электриктер, дәнекерлеушілер керек.