Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

ШҚО құтқарушылары мұз жаруға кірісті

AstanaTV
04.04.2019ж. 20:00
2449
ШҚО құтқарушылары мұз жаруға кірісті

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай елді мекеніндегі су басқан үш үйден 7 адам эвакуацияланды. Қазір олар ауыл жатақханасына орналастырылған. Ауыл іргесіндегі көл еріген қар суымен толығып жатыр. Мамандар дерегінше, 59 аулаға су кірген. Куликов көлінің маңынан 3 траншея қазылыпты. Дегенмен Камышовское көлінің суға толуы алаңдатып отыр. Екі су сорғыш құрылғының көмегімен 190 мың текше метр су сорылған. Бесқарағай ауданының әкімдігі жағалау топырағын нығыздау үшін көмекке ауыр техника жұмылдырған. Мамандар Үлбі өзеніндегі мұзды жарып жатыр. Ұшақпен барлау кезінде бұл жерде мұз кептелгені анықталды. 

Нұрлан МАДИЯРОВ, ШҚО ТЖД БАСТЫҒЫ: 

Қазір Бесқарағай аулын ерекше бақылауға алдық. Мұнда 40 адам жұмыс істеп жатыр. Ауылдағы 90 аулаға су кіруі мүмкін. Өйткені көлдің суы күн санап көбейіп келеді.

Е. Карин