Жабай өзенінен тағы қауіп төніп тұр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер бүгін брифингте мәлімдеді. Өзенде су деңгейі бір тәулікте 70 сантимертрге көтеріліпті. Ал автомобиль көпірі аумағындағы қызыл су биіктігі 3 метр 45 сантимерге жеткен. Естеріңізде болса, 2017-жылы көктемде өзен суы 5,2 метрге дейін көтеріліп, дамба жарылған. Атбастар маңындағы 149 үйден 380 адам қауіпсіз жерлерге көшірілген еді. Сондай ақ, бүгінде Астрахан ауданында да жағдай ауыр. Ескі Колутон аулын су басу қаупі сейілмей тұр.
БЕККЕР ҚР ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Колутон өзенінің деңгей 3 метр 46 см-ге жетті. Бір тәуліктің өзінде 1 метр 32 см-ге көтерілді. Бірақ шамамен әлі 1 метрдей көтерілсе де қауіп жоқ. Инертті материалдар мен қаптарды дайындап қойдық. Қолдан бөгет жасадық. Сол ұстап тұр. Төтенше жағдай құрылымдары да тас-түйін дайын отыр.
Күні кеше Владимир Беккер «Қазгидромет» қызметін қате болжамдар жасайды деп сынаған. Бүгін синоптиктер оған жауап қатты. Онда гидрологиялық болжамдардың 9-10 пайызы ғана қате деп жауап берді. Десе де бақылау жүйесінің техникалық жабдықталуы ескі екенін мойындайды. Оны жаңарту үшін 2022 жылға дейін қаржы қарастырылған. Метеорталықтың 1, 3 және 7 күнге алдын ала жасайтын болжамдары 91-96 пайызға дейін дәл келеді дейді.
Дидар ЖӘНІБЕКҰЛЫ, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ГИДРОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Беккердің гидрометке айтқан сындары жөнсіз болып табылады. Бұған нақты дәлелдер келтіруге болады. 2018 жылдан бастап апта сайын гидрологиялық болжамдар ұсынып отырмыз. Бұл гидрологиялық болжамдардың негізінде сандық модельді карталарды пайдалану болып табылады. Бұл бізге өз кезегінде әрбір өзеннің бассейнінде жиналған қар қорының ылғалдануын миллиондаған есепке алып отырамыз.
Д. Қайыртай