$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде 19200 теңгеге кез келген мемлекеттік нөмірді сатып алуға болатыны анықталды

AstanaTV
05.04.2019ж. 20:00
3437
Ақтөбеде 19200 теңгеге кез келген мемлекеттік нөмірді сатып алуға болатыны анықталды

Ақтөбеде 19 мың 200 теңгеге «VIP» нөмір сатып алуға болады. Әлеуметтік желіде белгісіз біреулер кез-келген мемлекеттік нөмерді екі күн ішінде дайындап беретін қызмет ұсынған. Тексеру кезінде бұл көлік нөмірлерінің еш жерде тіркелмегені анықталды. Десе де, оны сатып алатындар бар. Әдетте жол көлік оқиғасы болған жерден ізін жасыру үшін немесе айыппұлдан қашатындар қызығады. Сондай-ақ, той картеждеріне осындай «ерекше» нөмірлер тағатындар тапсырыс беруі мүмкін дейді ұлттық бюро өкілдері.  

Нұрқамал ШӘМІШЕВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕР ЖӘНЕ СЖҚІҚ АГЕНТІГІНІҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ БАС МАМАНЫ:

Жасырын сатып алушының нөмір дайындайтын адаммен хабарласқан кезде олардың түрлі қалаларды атап мына Ресей Федерациясы қалаларын атайтын кездері болады. Яғни, сол қалалардан нөмір дайындап береміз. Қазпошта бөлімшелері арқылы жолдаймыз. Тек қана мынадай қаражат бөлген жағдайда деп айтады.

Заң бойынша мемлекеттік нөмірдің көшірмесін өңірлерде он бес күнде, ал Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бес күн ішінде алуға болады. Ол үшін дубликат жасауға 7070 теңге ақша төлеп, барлық айыппұлын өтеуі тиіс. Ал кейбеулер уақыт үнемдеп, әрі айыппұлдан құтылу үшін заңсыз жолмен делдалдарға жүгінетін көрінеді. Қазір осы іске облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.  

Б. Рахметова