Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Бақытты отбасы» қоғамдық қорынан көмектер беріліп жатыр

AstanaTV
05.04.2019ж. 20:00
5471
«Бақытты отбасы» қоғамдық қорынан көмектер беріліп жатыр

Алматыда бір мыңға жуық отбасы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауына көмек сұрап келген. Партия жергілікті мәслихат депутаттары және «Бақытты отбасы» деген атаумен құрылған қоғамдық қормен бірлесіп нақты көмек беруді жалғастырып жатыр. Алатау ауданындағы бірнеше отбасына ақшалай сертификаттар мен улы газдардан қорғайтын қондырғылар табыс етілді. Партия өкілдері мен қор мүшелері аз қамтылған отбасыларды төтенше жағдай басқармасының мамандарымен бірге аралап жағдайларымен танысты. 

Айзада ТӘЛІПЖАНОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Өтініш жазып кеткенмін. Осы 2019 жылда қатты қысылғандықтан, Абылай хан бойындағы «Nur Otan» ғиамратына халықпен бірге арыз жазып кеттім. Ол кісілер келді. Көмек тиіп жатыр, ойламаған жерден келді. Жағдайымызды түсінгендеріне де рақмет, шүкір.

«Nur Otan» партиясының аудандық филиалдарында көмекке зәру отбасыларды қабылдау жалғасып жатыр. Ал, жақында «Бақытты отбасы» деген атпен құрылған қоғамдық қорға 90 млн. теңге қаражат жиналған. Осы қаржыға жақын күндері 500 отбасына нақты көмектер көрсетілмек дейді қор мүшелері. Баспанасы барларға жөндеу жұмыстары, үйлеріне газ кіргізіп беру, азық-түлік, киім-кешек сатып алуға басымдық берілмек.  

Дәурен БАБАМҰРАТОВ, «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Шынымен, ауыр жағдайға түсіп қалған, отағасынан айырылып қалған, асыраушысынан айырылып қалған, үйінде өрт болған , баласы ауырып қалған, емін таппай жүрген көмек сұрап келіп жатқандар қамтылады. Соларға көмектсеуге тырысып жатырмыз.

Р. Асқарбекұлы