Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

ИИД бағдарламасы аясындағы 72 проблемалы жоба ерекше бақылауда - ИДМ

AstanaTV
31.10.2017ж. 20:00
1770
ИИД бағдарламасы аясындағы 72 проблемалы жоба ерекше бақылауда - ИДМ

Тұралап қалған 72 жоба ерекше бақылауға алынды. Бұл проблемалы нысандар индустриалды - инновациялық даму бағдарламасы бойынша жүзеге асуы тиіс болатын. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек бүгінгі Үкімет отырысында осы жобаларға қатысты есеп берді. Айтуынша, 40 жобаға қатысты мәселелер толық шешілген. Олар тұрақты жұмыс істеп жатыр. 13 жоба жартылай қуатында ғана іске кірісті. Әрбір жоба бойынша жол картасы қабылданды,- деп атап өтті министр. Яғни жұмысы қаңтарылып қалған кәсіпорындарға тиісті деңгейде мемлекеттік қолдау көрсетілген. Ол негізінен инвестор іздеу, екінші деңгейлі банктерден несие алу мен жер қойнауын пайдалану шарттарын жасау бойынша.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

8 жоба бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Олардың несие берушілермен қаржылық мәселелерін, тапсырыс сұрақтарын, айналым қаражаттары бойынша проблемаларын шешуге тырысудамыз. 11 жобаның иелері әрі қарай жұмыс істеуден бас тартты.  Әкімдіктермен бірлесе отырып, оларды басқа салаға бейімдеу жолында әрекет етіп жатырмыз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ