$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Германиядағы Қазақстан дипломаттарына Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі араша түсті

AstanaTV
08.04.2019ж. 20:00
2936
Германиядағы Қазақстан дипломаттарына Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі араша түсті

Германиядағы Қазақстан дипломаттарына Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі араша түсті. Айбек Смадияров кәрі құрлықтағы әріптестері жол ережесін бұзуға мәжбүр дейді.  

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:  

Бұл біздің көбінесе Еуропадағы елшіліктер мәселесі. Егер, елшілікте 10 шақты машина болса, 20 автокөлік болса жергілікті әкімдік оларға тегін тұруға тек 2-3 орын ғана береді. Қалған машиналар басқа жерлерге қойылады. Әрине, оған содан соң айыппұл салынады. Бұл мәселе шешілмейді. Тек сол екі мемлекет арасында мәмлеге келуге болады.  

Еске салайық, бұдан бұрын немістің Билд басылымы Германияда ең көп жол ережесін бұзатын елшіліктер тізімін жариялаған. Онда Қазақстан алғашқы бестікке кіреді. Өзге мемлекеттер АҚШ, Ресей, Греция, және Йемен.  

Н. Біләл