Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ләззат Танысбай «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма Төрайымы болып тағайындалды

AstanaTV
08.04.2019ж. 20:00
5642
Ләззат Танысбай «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма Төрайымы болып тағайындалды

Ләззат Танысбай «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма Төрайымы болып тағайындалды. Ұжымға жаңа басшыны таныстырған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Ләззат Мұратқызы белгілі журналист, телевизия саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер. Корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін» - деді. Бұған дейін Ләззат Танысбай «Нұр-Медиа» Холдингі мен «Астана» телеарнасын басқарды. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев та Ләззат Танысбайға жаңа қызметте табыс тіледі. Оның біліктілігі мен «Нұр-Медиа» Холдингін жаңғыртуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Ал соңғы 7 жыл басқарған «Астана» арнасын жаңа белеске көтерді, қазір телеарна ірі телекоманиялармен иық тірестірген, бәсекеге қабілетті арнаға айналды дей келе, «Нұр Отан» партиясы атынан алғыс хат табыстады. Алдағы уақытта партия саяси кеңесінің мүшесі ретінде де жемісті жұмыс атақаратына сенім білдірді. Айта кетейік, TNS Central Asia компаниясының зерттеу нәтижелері бойынша «Астана» телеарнасы 2012 жылы ұлттық телехабар таратушылар арасында 9-шы орында болса, бүгінде елдегі үздік 5 телеарнаның қатарында. 2018 жылы 6 жастан жоғары қазақ тілді аудитория бойынша, прайм-таймда «Астана» арнасы бірінші орында болды. Соңғы 4 жылда телеарна акционерлер тарапынан қаржыландыруды қажет етпейтін, экономикалық жағынан толық өз-өзін қамтамасыз ететін рентабельді компанияға айналды.