Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Nur Otan» партиясы жас әншілерді үлкен сахнаға шығарып жатыр

AstanaTV
08.04.2019ж. 20:00
3119
«Nur Otan» партиясы жас әншілерді үлкен сахнаға шығарып жатыр

Жас әншілерді үлкен сахнаға шығаруға «Nur Otan» партиясы да ат салысып отыр. Партияның Петропавлдағы филиалы өкілдері демалыс күндері халық әндерінің байқауын ұйымдастырды. Концертте жас дарын иелері мен облыстық филармонияның әншілері өнер көрсетті. Бас-аяғы 15 қатысушы ән шырқады. Фестивальда бастауыш партия ұйымдары бас қосты. Шара барысында партияның белсенді мүшелері «Nur Otan»-ның жиырма жылдығына орай марапатталды. 

Кеңес МҰҚЫШЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Мұндай шара Қазақстанның барлық аймақтарында қолға алынды. Жас әншілердің өнерін тұрғындар ылғи тамашалап отыруы тиіс. Сондықтан біз бұл игі шараны әрдайым өткізіп отырамыз. Партиялықтар бұл байқауды облыстық филармонияның көмегімен ұйымдастырды. Мүйізі қарағайдай әншілер Қазақстанның және әлемнің көптеген сахналарында өнер көрсеткен еді.

А. Құрманкин