Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Ақ жол» партиясы орталық кеңестің пленумын 13 сәуірде өткізеді

AstanaTV
09.04.2019ж. 20:00
2199
«Ақ жол» партиясы орталық кеңестің пленумын 13 сәуірде өткізеді

Ал, «Ақ жол» партиясының сайлауға қатысу-қатыспауы осы апта соңында анықталады. Партия төрағасы Азат Перуашев орталық кеңестің пленумын 13 сәуірде өткізетінін айтты. Содан кейін ғана кандидатты ұсыну мәселесін қарастырады. Перуашев пленумда әріптестерін кезектен тыс президенттік сайлауға қатысуға шақырмақ. Айта кетейік, қазір «Ақ жол» партиясының 250 мыңнан аса мүшесі бар.  

Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Партияның сайлауға қатысуы мәселелері, партия атынан үміткерлерді шығару мәселелері тек партиямыздың құрылтайының шешімімен ғана қарастырылады. Сондықтан бұл мәселе съездің құзіретінде.

А. Бектас