Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Бүгінге дейін кезектен тыс Президенттік сайлауға қатысуға 7 партия тіркелген

AstanaTV
12.04.2019ж. 20:00
4286
Бүгінге дейін кезектен тыс Президенттік сайлауға қатысуға 7 партия тіркелген

Бүгінге дейін кезектен тыс Президенттік сайлауға қатысуға 7 партия тіркелген, оның біреуі мүлде белсенді емес. Орталық сайлау комиссиясы осындай ақпаратпен бөлісті. Елде түрлі іс-шараларға үздіксіз қатысатын алты партия бар, ол - «Nur Otan», «Ақ жол», Қазақстан коммунистік халық партиясы, «Ауыл», «Бірлік» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, деді ол.

Зәуреш БАЙМОЛДИНА, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Әділет министрлігі таратқан ақпараттағы жетінші саяси ұйым «Азат» демократиялық партиясы. Оның бірде-бір өкілі осы күнге дейін шақырылған іс-шараларға келген емес. Мүлде хабар-ошарсыз. 

Орталық сайлау комиссиясы алдағы кезектен тыс президент сайлауына шет елдерден 2 мыңға жуық бақылаушы келеді деп болжап отыр. Біздің тарап барлық халықаралық ұйымдарға шақырту жібереді. Зәуреш Баймолдина биылғы сайлаудың бұрынғыларынан өзгерек екенін айта келе, бақылау миссиясымен келетіндер көбірек болуы мүмкін деді. Айта кетейік, 2015 жылғы президент таңдау науқанына 1024 бақылаушы келген еді.  

Зәуреш БАЙМОЛДИНА, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Бүгін халықаралық бақылаушыларды аккредитациядан өткізу туралы қаулы шығардық. Сол сәттен бастап, 3-ші маусымға дейін олар тіркеле алады. Оларды Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен аккредитациядан өткізеді. Бекітілген қаулы бойынша бақылаушыларды аудармашылар алып жүре алады. 

Д. Қайыртай