Кезектен тыс президенттік сайлауға бөлінетін 9.4 млрд теңгенің басым бөлігі сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін адамдардың жалақысына бағытталады. Ақша Үкіметтің резервінен алынбақ. Бұл туралы Үкімет басшысының бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді. Саяси науқан кезінде ел бойынша 10 мыңға жуық сайлау учаскесі ұйымдастырылады. Ол жерлерде 70 мыңға жуық адам істейді.
Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:
Сайлау комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету үшін 9,4 млрд бөлінді. Бүгін шешім қабылданды. Жақын арада бөлінетін болады.
Еске салайық, 9 маусым елде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Бұдан бұрын Орталық сайлау комиссиясы дайындық жұмыстарын ұйымдастыру үшін Үкіметтен 12 млрд теңге сұраған.
М. Дюсекина