Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Сирия келіссөзі 25-26 сәуір күндері өтеді

AstanaTV
16.04.2019ж. 20:00
2882
Сирия келіссөзі 25-26 сәуір күндері өтеді

Сирия келіссөзі 25-26 сәуір күндері өтеді. Қазақстанда бас қосатын тараптар тұтқындарды босату мен қаза тапқандардың денелерін табыстау және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру мәселесін талқыға салады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлама таратты. Жоғары деңгейдегі халықаралық кездесуге БҰҰ босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының және Қызыл ай халықаралық комитетінің өкілдері шақыртылған. Бұл Астанада өтетін келіссөздің 12-ші раунды. Оған Иран, Ресей, Түркия, Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция өкілдері қатысады. БҰҰ мен Иордания делегациясы бақылаушы ретінде келеді.