Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

LRT құрылысы тоқтатылған жоқ - Р. Дәленов

AstanaTV
17.04.2019ж. 20:00
3120
LRT құрылысы тоқтатылған жоқ - Р. Дәленов

Бас қалада жеңіл рельсті көлік жолының құрылысы тоқтатылған жоқ. Бүгін Мәжілісте Ұлттық экономика министрі осылай деді. Руслан Дәленовтың айтуынша, мәселе қаржыландырудың уақытша кідіруінен туындап отыр.  

Руслан ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: 

Астана ЛРТ - өте маңызды инфрақұрылымдық жоба. Енді Қаржы министрлігі мен әкімдік осы жобаны қаржыландыруды тездету мәселесін зерттеп жатыр.

Құрылыстың тоқтатылмағанын анықтап көрмек үшін біздің арна тілшілері құрылыс алаңдарын аралап шықты. Тірі жан жоқ. Құрылысшылардың базасы орналасқан жерден тек қытайлық күзетшіні кезіктірген.  

Ал, жол құрылысымен айналысатын ЛРТ мамандары әкімдікке сілтеді. Ал, жергілікті атқару органы таратқан ақпаратта: «Қазіргі уақытта өзара талаптарды нақтылау мақсатында, жобаны қаржыландырудың уақытша кідіруін тудырған Қытай консорциумы мен Қытайдың мемлекеттік даму банкі арасында қаржыландырудың келесі транштары келісіліп жатыр» делінген. 

Д. Қайыртай