Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматыда колледж студенттері мүмкіндігі шектеулі балаларға Наурыз мейрамын ұйымдастырды

AstanaTV
19.04.2019ж. 20:00
2969
Алматыда колледж студенттері мүмкіндігі шектеулі балаларға Наурыз мейрамын ұйымдастырды

Бүгін Алматыда «Nur Otan» партиясының қолдауымен колледж студенттері мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап Наурыз мерекесін ұйымдастырды. Олар мұндай шараны бірінші рет өткізіп отырған жоқ. Биыл 5-ші мәрте өтіп жатыр. Студенттер сол балалардан театр актерлерін жасақтапты. Әрі мегополистегі бірнеше мектепте, тіпті елорда да қойылым қойыпты. Осы арқылы ерекше оқытуды қажет ететін балаларды қоғаммен байланыстыруға үлес қосуды ниет еттік, - дейді ұйымдастырушылар.

Сәуле ШЛЫМОВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС АКАДЕМИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әрине, біздің студенттердің мүгедек балалармен жиі қарым-қатынасқа түсуі, араласуы оларды қоғаммен байланыстыруға себепші болып отыр деп сеніммен айта аламын. Мысалға, осыдан 3 жыл бұрын бұл балалар мүлде өзімен-өзі еді. Қазір бойындағы қорқыныш сезімін жоғалтты. Біздің балалармен еркін араласады. Біз үшін бұл - үлкен жеңіс.

О. Нұржақып