Негізгі / Жаңалықтар / Жаңа Кеден кодексі қазақ-қырғыз шекарасындағы көлеңкелі бағытты тоқтатады деген сенім бар

Жаңа Кеден кодексі қазақ-қырғыз шекарасындағы көлеңкелі бағытты тоқтатады деген сенім бар

Еуразия экономикалық одағының жаңа Кедендік кодексі Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы көлеңкелі бағытты тоқтатады. Ресей Мемлекеттік думасының ТМД бойынша комитет төрағасының орынбасары Виктор Водолацкий осылай деді.

Астанада Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына арналған жиын өтті. Дума өкілінің айтуынша, жаңа құжат ұйымға мүше елдердің жұмысын нақты реттеп, тәртіп орнатады. "Біз сыртқы факторлар мен көлеңкелі айналымдарға тәуелді болмай, барынша ашық әрекет етуіміз керек. Егер қандай да бір мемлекет заңсыздықтарға жол берсе, жазалау амалдары қарастырылады,"- деді Водолацкий.

Виктор Водолацкий, РФ МД ТМД Еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс істері комитеті төрағасының орынбасары:

Қазақстан мен Қырғызстан аумағында болып жатқан жағдайға нүкте қойылуы керек. Ратификациядан кейін тетіктері белгілі болады. Соныдықтан тиісті құжатты күтейік. Екі ел қабылдады, үшінші ел - Қазақстан. Армения мен Қырғызстанды күтеміз. Мен заңбұзушылықтар мен көлеңкелі бағыттар тоқталарына сенімдімін. 

Жиында Ауғанстанан келіп жатқан есірткі легі туралы да айтылды. Ресей думасы қорғаныс комитетінің төрағасы Владимир Шаманов естірткі трафигі 7 есе артқанын хабарлады.