$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ұжымдағы атмосфера мен адамның көңіл-күйі еңбек өнімділігіне тікелей әсер етеді- HR-сарапшылары

AstanaTV
25.04.2019ж. 20:00
3109
Ұжымдағы атмосфера мен адамның көңіл-күйі еңбек өнімділігіне тікелей әсер етеді- HR-сарапшылары

Ұжымдағы атмосфера мен адамның көңіл-күйі еңбек өнімділігіне тікелей әсер етеді. Бүгін астанада әлемнің үздік HR-сарапшылары тиімді басқарудағы соңғы тредтерді талқыға салды. Еліміздегі ірі компаниялардың бірі «Самрұқ-Қазына» Акционерлік Қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов жиынға қатысушыларға жолдаған бейнежазбасында бақытты қызметкердің еңбек өнімділігі өзгелермен салыстырғанда 12 пайызға, тиімділігі 31 пайызға артық екенін атап өтті. Олар шығармашылық жұмыстарға келгенде 3 есе ширақ, 30 пайызға аз сырқаттанады екен. Ұйымдастырушылар қызметкердің бақытты болуы маңызды дейді.  

Анар МҰХАМЕДЖАНОВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Бұл іс-шараның маңыздылығы өте зор. Бұл біздің НР саласындағы мамандарымызға шабыттандыру, тәжірбие алмастыру, тәжірбе алмасу, НР саласындағы жаңа бағыттарды білу, үйрену. Ары қарай осы бағыттарды өз жұмыстарына еңгізу.

Н. Біләл