Жамбыл облысы тұрғындарының 21,5 пайызын жастар құрайды. Өңірде 250 мың жас тұрғын бар. Оның 14 мыңнан астамы «Jas Otan» жастар қанатының мүшесі. «Еркін пікір» диалог алаңында осындай сандарды сөйлеткен «жасотандықтар» саяси науқан барысында белсенді болуға шақырды. Ел болашағы үшін мемлекет басшысын таңдау маңызды қадам деп біледі. «Сайлау алдындағы жастардың рөлі» тақырыбын қаузаған жас прагматиктер саяси сахнада жүрген аға буын өкілдерімен кездесті. Олардың қатарында Жамбыл өңіріндегі ең жас депутаттар да бар. Белсенділер алдағы науқанға қатысты пікірлер білдірді. Сайлау кезінде еріктілер қатарында еңбек еткісі келетіндері де аз емес.
Дәурен МАМЫШОВ, «Jas Otan» ЖҚ МҮШЕСІ:
Бұл тарихи сәт. Мен үшін де тарихи сәт, себебі мен бұл кезекті сайлауға алғаш рет қатысайын деп жатырмын. Және де қуанып, қобалжып тұрмын. Ал, енді жастарға айтарым сайлауда ешқайссымыз қалыс қалмай, екінші Президентімізді сайлауға немқұрайлықпен қарамай ат салысайық.
Д. Әлімқұл