Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Еліміздің әр аймағындағы еңбек ұжымдары «Nur Otan» партиясынан ұсынылған кандидатты қолдап жатыр

AstanaTV
25.04.2019ж. 19:00
3954
Еліміздің әр аймағындағы еңбек ұжымдары «Nur Otan» партиясынан ұсынылған кандидатты қолдап жатыр

Аймақтардағы өнеркәсіп жұмысшылары «Nur Otan» партиясының атынан ұсынылған кандидатты алдағы кезектен тыс президент сайлауына лайықты үміткер деп санайды. Бүгін Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Алматыдағы партия мүшелері осындай мәлімдеме жасады. Олар халықты алда болатын сайлау науқанына белсенді түрде ат салысуға шақырды. Себебі дұрыс таңдау жасау елдің тұрақты дамуына кепілдік береді. Елдегі іргелі кәсіпорындардың жұмысшыларымен тілдескен тілші тарқатып айтады.  

Бүгін Ақтөбе хром қосындылары зауытында «Nur Otan» партиясының кезектен тыс 19 съезі шешімін қолдауға бағытталған еңбек ұжымының жиыны өтті. Алпыс жылдан астам тарихы бар кәсіпорында 2 мың адам еңбектеніп жүр. Осыдан 9 жыл бұрын құрылған бастауыш партия ұйымы бұдан бұрын да Президент сайлауына белсене ат салысқан.

Әкімжан БОРАНҚҰЛОВ, «АХҚЗ» АҚ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Сайлау қай уақытта да маңызды іс шара. Бұл халықтың қалауы. Бұл халықты басқаратын қазақша айтқанда «Мың қосшыдан, бір басшы» деп елімізді басқаратын халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартатын Президентімізді сайлау. Сондықтан мен ойлаймын кез келген Қазақстанның азаматы сайлауға үлкен жауапкершілікпен қарайды деп өз таңдауын жасайды деп.

Қарағандылық металлургтер те елдің бас партиясының атынан саяси додаға жолдама алған кандидатты қолдайды. Қарағанды құю-машина құрастыру зауыты кәсіпорындағы бастауыш партия ұйымының кезекті отырысын өткізді. Жұмысшылар елімізде болып жатқан саяси жаңа бетбұрыстар өндіріске тың серпін береді деп сенеді. Қарағандыдағы бұл зауыт өңірде инновациялық технологияларды қолданып, тау-кен саласына қажетті шахта құрылғыларын шығарып жатыр. Кәсіпорында 400 адам еңбек етеді.  

Арман БЕГІМБЕТОВ, «ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС ҚАРАҒАНДЫ ҚҰЮ- МАШИНА ҚҰРАСТЫРУ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСКЕРІ: 

Болашақ президентке біз үлкен үміт артамыз. Тек қана экономика жағынан емес өнеркәсіп жағынан да үлкен жетістіктерге жете аламыз деп ойлаймын

Еліміздің тағы бір өндірістік қала - Павлодардағы алюминий зауытында 400 адамның басын қосқан жиын өтті. Олар да өзге аймақтағы әріптестері секілді басты саяси ұйымның шешіміне қолдау білдіреді. Сөз алғандар өңір жұртшылығын алдағы саяси науқанда белсенді болуға шақырды. Елдің дамуына әр азамат лайықты таңдау жасау арқылы да үлес қоса алады. Елдегі іргелі кәсіпорынның 5 мыңға жуық жұмысшысы партияға мүше.  

Жанасыл БАТХОЛДИН, ЗАУЫТ ҚЫЗМЕТКЕРІ: 

Келе жатқан сайлауға әр азамат қатысуы міндет деп ойлаймын. Өйткені, бұл сайлау біздің болашағымыз үшін өте маңызды. Оған мен ғана емес, зауыттағы бүкіл жастар қатысады деп ойлаймын. Өйткені, бұл болашақ үшін маңызды қадам.

Алматыда теміржолшылар да үн қатты. Теміржол бекетінде қызмет жасайтын еңбеккерлер мен осы салаға мамандар даярлайтын оқу орындарының жетекшілері сайлауда лайықты кандидаттың жеңіске жететініне үміттенеді.  

Темірбек РАХМАНОВ, АЛМАТЫ АВТОМЕХАНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ: 

Әрқашанда біз тұрақтылықты, болашақта жастар Қазақстанды басқарады. Сол негізі әр адамға тұрақтылық керек. Сенімділік пен әділеттілік керек. Болашақта осының бәрі болады. Әрқайсысымыз тұрақтылықты қолдап, ел болашағының жақсы болуына тілектеспіз.

Алдағы сайлауда партия атынан түсетін кандидатқа қолдау білдіруде жергілікті бастауыш партия ұйымдарының үлесі ерекше болмақ. Олар халықты алда болатын сайлау науқанына белсенді түрде ат салысуға шақырды.  

Р. Асқарбекұлы